«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, алғашқы рет түнгі сағат 12-ге дейінгі жұмыс кестесі іске қосылған Сауран, 7 мекенжайындағы астаналық Халыққа қызмет көрсету орталығы қазіргі кезде баршаға танымал.
«Біз пилоттық жобаға мұқият мониторинг жүргіздік. Оны іске қосқан сәттен бастап сағат 20:00 мен 24:00 аралығы кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуге шамамен екі мың өтініш қабылданып, 506 құжат берілген. Осындай сұранысты көріп, біз түн ортасына дейінгі жұмыс кестесін Шымкент және Алматы қалаларындағы бөлімдерде де енгізуді шештік, себебі бұл екі қала халық саны бойынша ең үлкен қалалар», - деді А.Оспанов.
Сонымен жұмыс кестесі дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:00-ден 24:00-ге дейінгі фронт-офистер Астана қаласы, Сауран 7, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Жандосов көшесі, 51, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат мөлтек ауданы, 24 мекенжайлары бойынша орналасқан.Сенбі күні сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.