Қазақстандық отбасылар ең көп қаражатты тамаққа жұмсайды. 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша жалпы тұтынушылық шығындардың ішінде қазақстандықтардың азық-түлікке жұмсаған қаржы үлесі 45,9%-ды құрады. Ал өткен жылдың 1 тоқсанында бұл көрстекіш 44,4% болған.
Ranking.kz агенттігінің мәліметінше, бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Мысалы 2012-2014 жылдары азық-түлікке кеткен шығындар 41,8%-ға қысқарған. Алайда 2015 жылы тамаққа жұмсалған шығын 43,5%-ға өскен.
Дегенмен бағаның жоғарылауына байланысты шығын ұлғайғанмен, тұтыну көлемі азайып отыр.
Қазақстандықтар ең көп қаржыны ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсайды екен. Мысалы 2016 жылдың төрт айында тұтыныушылық бюджеттің 14,6%-ы осы тағамды сатып алуға жұмсалса, биыл бұл көрсеткіш 15,3%-ға өскен. Яғни осы жылғы төрт айда әрбір қазақстандық 18,2 кг ет жеген.
Бұдан бөлек нанға және жарма өнімдеріне тұтынушылық шығын 7,4%-ды құрады. Нан және жарма өнімдерін тұтыну бір жылда 0,7%-ға өскен.
Сондай-ақ, Қазақстанда көкөністер бағасы бірнеше есеге қымбаттағандықтан оған кететін шығын да ұлғайған. 2017 жылдың алғашқы төрт айында көкөніс сатып алуға кеткен қаржы 3,4% болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,1% болған.
Мысалы осы жылы қазақстандықтар картоп сатып алуды азайтқан. Жан басына шаққанда төрт айда әрбір қазақстандық 8,1 кг картоп тұтынған. Тәттілерді де аз тұтына бастаған. Сондай-ақ, жағдайы жоғары халықтың 10% нан және жарма өнімдерін 5%-ға, ет және ет өнімдерін 4,7%-ға артық тұтынған.
Жалпы алғанда бай және кедей қазақстандықтардың арасында азық-түлікті тұтынуға кеткен шығындар айырмашылығы жер мен көктей.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды