Иран Қорғаныс күштерінің дүйсенбі күні кеште жариялаған мәліметі бойынша, Иран «Сақшылар корпусының» ДАИШ күштеріне бағыттаған зымыранынан 50-ден аса лаңкестің өлгені мәлім болды. Оқиға Сүрияның шығысындағы әл-Меядин қаласында болған. Бұл туралы сол елдің «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлап отыр.
Иранның «әл-Әлам» халықаралық телевизиясы таратқан хабарда шабуылда өлген лаңкестердің алтауы ливиялық болып шықты. Өлгендер арасында ұйымның маңызды атамандары да бар делінген. Айталық, «Абу Осем әл-Либи» немесе «Абу Харес» атымен танымал болған Абдолқадер әл-Фирани есімді лаңкестердің басшысы да бар. Иран әскерилерінің мәліметі бойынша шабуылда ДАИШ басшысының күйеу баласы да көз жұмған.
Осыған дейін Иран «Сақшылар корпусы» Сүрияның шығысындағы Дейр әз-Зор аймағына бағыттап алты зымыран атқан. Алайда, алдыңғы бес зымыраннан болған шығындар туралы толықтай мәлімет берілмеген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі