Ұлыбритания билігі Grenfell Tower ғимаратынан шыққан өрттен зардап шеккендерге және өрт құрбандарына 5 млн фунт стерлинг (6,4 млн доллар) қаржы бөлді және оларды алдағы үш аптада басқа тұрғын үйлерге көшіруге уәде етті. Бұл туралы елдің премьер-министрі Тереза Мэй мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
"Үкімет адамдарға жедел көмек ретінде 5 млн фунт береді. Олар бұған өздеріне қажетті заттарды алады. Алайда біз үш аптаның ішінде оларды басқа жаққа көшіру шараларын қарадық", - деді премьер.
Айта кетейік, 14 маусым күні түнде Лондон қаласының батысында орналасқан Grenfell Tower тұрғын үй кешені өртке оранды. Оқиға болған орыннан түсірілген видеоларға қарағанда өрт тұрғын үйді тұтастай шарпыған. Солтүстік Кенсингтон районындағы ғимаратына 40-қа жуық өрт сөндіретін көліктер жиналып, 200 өрт сөндіруші қызметкер тартылса да өртті тоқтату қиынға соққан.
Соңғы мәліметтерге қарағанда өрттен 30 адам қаза тапқан (бұған дейін ресми мәлімдемеде 17 адам деп көрсетілген). Сондай-ақ, 24 адам ауруханада болса, оның 12-сі реанимация бөлімінде жатыр. Бұдан бөлек 70 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында, қаза тапұан болуы да мүмкін.