Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ташкент қаласындағы Бірлескен өңірлік лаңкестікке қарсы тұру құрылымының атқару алқасы ұйымға жаңадан мүше болған Пәкістан мен Үндістанды қарсы алу салтанатты шарасын өткізді. Ұйымның Ташкенттегі жұмыс ғимаратының алдында ту шығару салтанатын өткізді деп хабарлайды «People.com».
Үндістан мен Пәкістанның туын шығару салтынан кейін, аталған елдің ұйымдағы өкілдері сөз сөйлеп, алдағы уақытта бірлесе өңірдегі лаңкестікке қарсы тұру ісін қолға алатынын білдірді. Үндістан мен Пәкістанның Өзбекстанда тұратын елшілері шараға арнайы келіп қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылы құрылған Шанхай Ынтымақтастық ұйымы, биыл 9 маусымда өткен Астана отырысынан кейін тұңғыш рет кеңейіп, Үндістан мен Пәкістанның мүшелігін бекіткен болатын. Бұл реткі жиналыс Ұйымның құрылғаннан бергі 17-ші кезекті басшылар жиналысы.