Ескі көліктерді сату бағдарламасы іске қосылғалы бері көліктерін қайта өңдеуге тапсырған қазақстандықтар 3,45 млрд теңге көлемінде өтемақыға ие болды. Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) хабарлады.
Бағдарлама басталғалы бері 23 мың көлік тапсырылған. ҚАБҚ-ның мәліметінше, утилизацияға ең көп өткізілген көліктер "ВАЗ- 2105", "ВАЗ- 2106", "ВАЗ 2101", "ГАЗ 3110", "Москвич -2140" и "Мазда 626" болған. Мұндай мәліметтерді «ӨКМ операторы» ЖШС ұсынды.
Тапсырылған көліктердің ішінде ең ескі көлік 1946 жылы Семей қаласында шыққан "Москвич" көлігі. Ал ең "жас" көлік - 2014 жылғы.
Сондай-ақ, «ӨКМ операторы» ЖШС көлік жинау пунктіне Mazda, Volkswagen, Honda сынды танымал көліктер де өткізілген. Тіпті Атырау қаласында 2017 жылдың наурыз айында қайта өңдеуге жол талғамайтын Toyota Land Cruiser келіп түскен. Ал мамыр айында ерекше көліктер қатарын Porsche 924 (1985 жылы шыққан) спорттық көлігі толықтырды. Бұл көліктің иесі өтемақыға 150 мың теңге (шамамен $475) алды. Сарапшылардың сөзінше, коллекционерлер раритетті 20 мың долларға бағалайды екен.
Ескі көліктерді қайта өңдеуге өткізген өңірлер арасыда Шымкент (2,98 мың көлік), Қостанай (1,8 мың көлік), Талдықорған (1,6 мың көлік) алдыңғы орында тұр. Өткізілген көліктердің орташа жасы 25-30 жыл.