Қазақстан 2016 жылдың қорытындысына сәйкес, Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің “еңбек нарығының тиімділігі” бағытында көшбасшы мемлекеттер отыздығына еніп, 20-шы орынға тұрақтаған.
“Алдағы үш жылда, зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында, қысқартылған жұмыс уақытын, жыл сайынғы қосымша төленетін еңбек демалысы және сүт немесе сүтке тең емдік-алдын алу тамақтарын тағайындау туралы салалық қағидаттар қайта сараптаудан өтеді. Сонымен қатар, Министрлікте әйелдер еңбегін реттеуге ерекше көңіл бөлінеді” - деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
2017 жылдың алғашқы 5 айында 10 мыңнан астам жұмысшының 1,5 млрд теңге қарызы өндірілді. Ағымдағы жылдың маусым айындағы еңбекақы бойынша қарыз 88 млн теңгені көрсетуде.
2016 жылы өндірісте зардап шеккендердің саны 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға азайып (1723 адамнан 1683 адамға), 670 мыңнан астам жұмысшы зиянды еңбек жағдайындағы жұмысы үшін түрлі өтемақыларға ие болды. Бұл мақсатқа жұмыс берушілер жағы 99,7 млрд теңге бөлді. Кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруда, құрамына жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдері кіретін 12 000 өндірістік кеңес жасақталды.