Лондон қаласының батысында көп қабатты тұрғын үй өртке оранды. Оқиға болған орыннан түсірілген видеоларға қарағанда өрт тұрғын үйді тұтастай шарпыған. Солтүстік Кенсингтон районындағы Grenfell Tower ғимаратына 40-қа жуық өрт сөндіруші көліктер жиналды. 200 өрт сөндіруші қызметкер тартылса да өртті тоқтату қиынға соққан. Бұл туралы BBC арнасының ресми сайты хабарлады.
Лондон өрт қауіпсіздігі қызметінің хабарлауынша, ғимараттың 2-ші қабатынан тартып 27-қабатына дейін тұтастай өрт шарпыған. Түтінге тұншығып қалғандар емханаға жеткізіліп, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Алайда қазірге дейін зардап шеккендердің нақты саны туралы мәлімет берілген жоқ.
Полиция тарабының берген хабарында адамдарды өрттен эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бірақ ғимаратта қанша адам болғанын, оның қаншасы өрттен қашып шыққаны туралы нақты мәлімет жоқ. Өрттің шығу себебі де анық емес. Білетіндердің айтуынша, ғимаратта 200 пәтер болған.
Кей адамдар әлеуметтік желіге өрт ішінде талай адамның құтқару тілеп тұрғанын жазды. Полицияға және өрт қауіпсіздігі органдарына өрт туралы хабар сол жердің жергілікті уақытымен түнгі сағат 01:16 да келіп түскен.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді