Қытайдың Шанхай қор биржасы "Астана" халықаралық қаржы орталығының 25%-ына иелік етеді. Мұндай келісімге Қытай Президенті Ши Жипиңнің (Си Цзиньпин)Қазақстанға келуі кезінде қол қойылған.
Енді Шанхай қор биржасы халықаралық қаржы орталығымен техникалық және стратегиялық консалтинг және бизнес жоспар, нарықты ұлғайту бойынша жұмыс істейтін болады. Қытайдың сауда алаңы ХҚО-ның 25,1% акциясына қатысады.
Келісімге Қытай Президенті Ши Жипиң мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы кездесуі аясында қол қойылған. Яғни қытайлық биржа ХҚО-ның капиталына араласады.
Айта кетейік, "Астана" Халықаралық қаржы орталығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Оны құру туралы конституциялық заңға 2015 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылды. Төрағасы - Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетов.