«Қазақстан темір жолы»  Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ресейлік нарыққа жалпы сомасы 15 млрд рубльдің облигациясын бес жылға, купондық негізде,  8,75  пайыздық кірісімен  шығарды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Шараны «Halyk Finance» АҚ, «Газпромбанк» АҚ, «Аймақ» Брокерлік компаниясы» ААҚ, «Ренессанс  Брокер» ААҚ ұйымдастырған.

"Аталмыш шығарылым Ресей нарығына жолданып отырған ТМД аумағындағы мемлекеттер арасында алғашқы эмитент. Оған инвесторлардың қызығушылығы басым. Бұл өз кезегінде Ресейдің ірі компанияларының деңгейінде бекітілген кірісі мол, әрі алғашқы көрсетілген сомадан жоғары болатын сұранысқа ие", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мұндай келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері аясындағы маңызды шешім ғана емес, отандық эмитенттің валюта түрінде жаңа нарыққа жол ашу.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - мемлекеттік қордың 100 пайыздық қатысуымен вертикальды ықпалдасқан көлік-логистикалық холдингі . «ҚТЖ» ҰК» АҚ келесідей  рейтингтерге ие: Fitch – BBB -; Moody’s – Baa3; S&P – ВВ.

“The Qazaq Times”