АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні түстен кейін Ақүйде Парламент Сенат басшыларына кездесті. Кездесуде болашақ АҚШ-тағы денсаулық сақтау саласын реформалау мәселесін талқыға салды. Трампқа қатысты болған Ресеймен байланысын тексеру мәселесін жылы күйге өткеннен кейін, жоғарғы үкімет кешеуілдеп тұрған өткен айда сөз етілген реформаларды жандандыруға кіріскелі отыр. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Осыған дейін Ақүй өкілдері президенттерінің Ресеймен байланысы туралы тексеру ісі Конгреске жолданған жазғы сессиялар күнтәртібіне кері әсер етіп, денсаулық сақтау және салық ісіне жасалатын реформаларды кешеуілдете ме деп алаңдаған. Қазір президент командасы мен парламент сенат басшылары бірауыздылыққа келіп, айтулы реформаларды атқаруға кірісу ниетінде.
Ақүйдің ресми өкілі Марк Шорт: « Дау жоқ, президент ісін қарау үкіметтің заңнамалық күнтәртібіне кері әсер етер еді. Алайда, Конгреспен болған кездесуде үкімет реформаларды қолға алуға мүмкіндік алды», – деді. Сейсенбі күнгі сенат пен Ақүй басшысының арасындағы кездесуден кейін, президент парламент мүшелерімен кешкі ас үстінде кеңеспек. Ас үстелінде отырып, Трамп парламент мүшелерімен алдағы уақыттағы сыртқы саясат мәселесін талқыламақ. Бұл талқыға Трамп демократтарды да шақырып отыр.