Ресей Президенті: «АҚШ басқа елдердің ішкі ісіне араласуды доғарып, оның орнына өзінің сайлау жүйесін өзгертуі тиіс»,-деді. Бұл туралы "Фарс" баспасөзі жариялады.
Ресей Президенті Владимир Путин жексенбі күні NBC News телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ-тың сайлау жүйесі өзгертіліп, ел президенті халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайлануы үшін жағдай жасалғаны дұрыс. Сонда тікелей дауыс беріп, дауысты санау жеңілдетіліп, сайлауды бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік туындайды.
Президенттер ауысады. Партиялар арасында билік алмасады, алайда мемлекеттердің саясатының негізгі өзегі өзгермейді. Сондықтан Мәскеу үшін АҚШ-та кімнің билік басына келетіндігі маңызды емес»,-деп қуаттады.
Владимир Путин, сондай-ақ, Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласқаны туралы айыптарды тағы да теріске шығарып: «Сайлауда жеңіліс тапқан адамдар басқаларды өздерінің қиындықтарына кінәлі санамауы тиіс. АҚШ-тың өзі бүкіл әлемде басқа елдердің сайлауларына белсенді түрде араласады»,-деді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?