Әлем елдері басшылары қатаң сынға алған АҚШ президентінің "Париж Климат келісімінен" бас тарту шешімін, Ресей басшысы қолдап отыр. Тіпті Путин Трамптың бұл шешімі ешбір таңғаларлық шешім емес деп санайды. Бұл туралы "Парс.Ақпарат" агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
АҚШ Конгресінің Hill ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұрт қарсы тұрған Трамптың шешімін Ресей басшысы Владимир Путин қолдап отыр. Бірақ, Путин өзі климат жылынуы туралы "Париж келісімін" сақтауды қолдайды. Дегенмен, Трамптың АҚШ жағдайына байланысты бұл шешімнен бас тартуы ешбір таңқаларлық іс емес деп санайды.
"Париж Климат келісіміне" қол қойған Ресейдің берген уәдесі АҚШ-тан да жоғары. АҚШ 2025 жылға дейін парниктік газдардың шығарындыларын 2005 жылмен салыстырғанда 26-28 пайызға түсіреміз деп уәде еткен. Енді міне Трамп бұл уәдеден тайып отыр. Ал, Ресей болса 2030 жылға барғанда парниктік газдардың шығарындыларын 75 пайызға дейін азайтамыз деп кеуде қаққан еді.