Осы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанның мұнайдан түскен кірісі 3,2 трлн теңге болды және бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 23%-ға жоғары. Ал бұдан бұрынғы жылдарда табыстың мұндай жоғарғы көрсеткіші байқалмаған, дейді Energyprom.kz сараптама агенттігі.
Сондай-ақ, салықтан түскен түсімдер де біршама көрінеді. Төрт айда 12%-ға артып, 2,2 трлн теңге болған. Оның ішінде корпоративтік табыс салығының үлесі — 590,7 млрд теңге (+12%), қосымша құн салығы — 450,9 млрд теңге (+8%), жеке табыс салығы— 253,8 млрд теңге (+5%), әлеуметтік салық үлесі — 184,5 млрд теңге (+2%).
Ұлттық банк трансферттерінен түскен түсім 60%-ға артып, 918 трлн теңге болды. Салықтық емес түсімдер 32%ға немесе 117,2 млрд теңгеге дейін артты.
Агенттіктің мәліметінше, мемлекеттік бюджет кірісінің ішінде жергілікті бюджеттің көрсеткіші жаман емес сияқты. Төрт айдағы көрсеткіш - 1,4 трлн теңге.
Әдеттегідей жергілікті бюджет кірісі бойынша Алматы көш бастап тұр. Мегапорлистің кірісі - 193,2 млрд теңге. Екінші орында 179,1 млрд теңге табыспен Астана тұр және жылдық жоспардың 39%-ын орындаған. Оңтүстік Қазақстан облысы 146,8 млрд теңгемен үшінші орында.