ИИР теміржол компаниясы басшысының қозғалыс-бағыт және пайдалану жөніндегі орынбасары Тәжікстан-Өзбекстан-Қазақстан-Иран дәлізін жылына 2 млн тонна жүк тасу үшін іске қосуды қуаттады. Бұл туралы "Фарс" ақпараттық агенттігі хабарлады.
ИИР теміржол компаниясы басшысының қозғалыс-бағыт және пайдалану жөніндегі орынбасары Ибраһим Моһаммади Ирандағы Тәжікстан елшісі Нығметулла Имамзадемен кездесуінде жуырда Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдері өкілдерінің қатысуымен өтетін төртжақты отырыста Тәжікстаннан аллюминий құймасын тасымалдап, Иран арқылы өткізуді бастау үшін олардың бір келісімге келетіндігіне үлкен үміт білдірді.
Моһаммади, сонымен қатар, жуырда Тәжікстаннан Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас портына аллюминий құймасының тасымалданатынын, Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Солтүстік Хорасан облысының Джаджрумнан Тәжікстанға айына 5000 тонна алюминий ұнтағының жіберілетінін, Теһранның оңтүстігіндегі Рей қаласынан Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан-е Разави облысындағы Сарахс пен Тәжікстанға 1 млн тонна шикі мұнай тасымалданатынын хабарлады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр