Алматыда былтыр ғана ашылған Carrefour дүкені жабылды. Бұл туралы Carrefour Kazakhstan гипермаркетінің фейсбуктағы парақшасында жазылды.
«Бізбен бірге сауда жасағаныңыз үшін сізге алғыс білдіргіміз келеді және 2 шілдеден бастап Carrefour Kazakhstan гипермаркетінің жабылатынын еске саламыз", - делінген фейсбук парақшасында.
Айта кетейік, француздық Carrefour дүкені 2016 жылдың ақпан айында Алматы қаласындағы Grand Park Almaty сауда үйінде ашылған еді. Дүкеннің ашылуында Францияның Бас консулы Патрик Ренар қатысып, азық-түлік, тұрмыстық тауарлар, техника, спорт тауарларымен қатар 30 мыңға жуық өнім түрлері ұсынылған. Сондай-ақ, Carrefour-дың ондаған дүкенін ашу жоспарланған болатын. Тіпті дүкеннің жұмысымен танысу үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаев та келген.
Осы кезде дүкен ашыла сала Президенттің сынына қалған. Президент дүкенді аралау кезінде тақтайшаға жазылған сөзге сын айтқан. Осылайша, алғашқы ашылуында-ақ "грязный" деп жазылған сөзі үшін ескерту алған дүкен жұмысын тоқтатады.