Ирак Мосул қаласында әйелдердің никаб киюіне тиым салды. Ирак үкімет армиясы Мосул қаласын ДАИШ ұйымынан рамазан айының алдында ғана азат етті. Қаланы лаңкестерден толықтай тазарту үшін ораза айында қаладағы әйелдердің никаб киюін шектеп отыр. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды.
Ирак үкімет армиясы қаланы толық меңгеруіне алғанымен қаладағы лаңкестердің қалдықтары әлі де тазарып болған жоқ. Жаңадан құрылған полиция органы жоғарыда аталған тиым салу бұйрығының қауіпсіздік үшін жасалып отырғанын айтуда. Себебі, лаңкестік топтың мүшелері рамазан айында әйелдердің никаб киімін киіп жанкешті шабуыл жасауы мүмкін деп отыр.
Мосулды қайтарып алу шайқасы 8 айға жалғасты. Өткен жылы Қазан айында АҚШ әуе армиясының көмегімен басталған ұрыс мамырдың орта шенінде соңына шықты. Қаладағы ДАИШ күштері түгелге жуық жойылды. Дегенмен, жай бұқараның арасында жасырынған жанкештілер болуы мүмкін екенін айтады жергілікті үкімет.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі