Бүгін дүниежүзі мұсылмандары үшін Қасиетті Рамазан айы басталды. Енді мұсылман қауымы мамырдың 27-інде басталып, маусымның 25-інде аяқталатын қасиетті айда ауыз бекітеді.
Рамазан - мұсылман күнтізбесіндегі тоғызыншы ай. Бұл айда мұсылман қауымы ораза тұтады. Ораза тұтуды 624 жылы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) белгілеп кеткен.
Шариғат бойынша ораза тұту - таң сәріден күн батқанға дейін тамақ пен судан немесе басқа да ерікті дүниелерде еркін түрде бас тарту. Ораза - мұсылманға берілген бес парыздың үшіншісі. Ораза тұту Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында жазылған.
Сондай-ақ, бұл айда пітір мен зекет беру мұсылманға парыз болмақ. Ораза уақытында мұсылмандар садақа беріп, ауызашар ұйымдастырады.
ҚМДБ ұсынған мәлімет бойынша биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері жан басына 300 теңге болып бекітілген. Қазақстан мұсылмандары маусымның 22-іне қараған түні Қадыр түнін қарсы алады. Маусымның 25-і таңертең Ораза айт мейрамы басталып, үш күнге жалғасады.
Ендеше, барлық мұсылман қауымына Қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын! Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!