Дубайда Рамазан айының құрметіне ең үлкен ауызашар ұйымдастырылды. Аталған шара әлемдегі "ең ұзын дастарханы" үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды әмірліктің gulfnews.com басылымы. Ауызашарға жайылған дастарханның ұзындығы 6 шақырымды құрайды.
Ауызашарды Дубай полиция өкілдері ұйымдастырған. Қайырымдылық шарасы ретінде өткен ауызашар негізінен Үндістан, Шри-Ланка, Пәкістан, Қытай, Филиппин және азиялық өзге де елдерден келген 12 830 жұмысшыларға жайылды. Тағамдардың дайындалуына 35 мейрамхана және мемлекеттік түрлі құрылымдардан жиналған 500 ерікті атсалысқан. Тұтас алғанда 200 сағатқа созылған шара ауқымдылығы мен бірегейлігі тұрғысынан Гиннестің рекордтар кітабына енді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті