Американың Нью-Йорк қаласында өткен Sotheby's аукционында жапониялық миллиардер Юсаку Маэдзава америкалық неоэкспрессионист-суретші Жан-Мишель Баскияның суретін 110,5 млн долларға сатып алды.

Көгілдір фонда адамның басы салынған картина бар болғаны 10 минуттың ішінде сатылған. 110, 5 млн доллар Баскияның туындылары үшін төленген ең үлкен рекордтық сома. Сондай-ақ, бұған дейін мұндай сома америкалық ешбір суретшіге төленбеген. Каритналары үшін рекордтық соманы (105 млн доллар) соңғы рет 1980 жылы Энди Уорхолу алған.
View image on TwitterБаскияның картинасын сатып алған жапониялық  Юсаку Маэдзава Start Today және киім сататтын  Zozotown онлайн-дүкенінің негізін қалаған. Ол 2016 жылы Баскияның ешбір атау берілмеген тағы бір картинасын 57 млн долларға сатып алған. Оның суреттері афроамерикалықтар арасында өте жоғары бағаланады.

Жан Мишель Баския. Фото: vestifinance.ru

Жан Мишель Баксия 1988 жылы  27 жасында есірткі қолдану салдарынан қайтыс болған. Ол өз жұмысын Бруклинде графитти салудан бастап, 7 жыл ішінде түрлі туындыларды дүниеге әкелді, кейін неоэкспрессионизм бағытын қолдады.

2016 жылы Баския АҚШ тарихындағы ең қымбат суретші атанды. Оның 80-ге жуық жұмысының жалпы құны 171,5 млн долларды құрады.

"The Qazaq Times"