Бұл туралы Түкіменстан сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Соңғы күндері түрікмен-иран газ мәселесіне қатысты Иран және өзге елдердің бұқаралық ақпарат құралдарында бір-бірімен үйлеспейтін ақпараттар пайда болды делінген министрліктің баспасөз баянында.

Олардың біразы «екіжақты келісімнің сәйкессіздігінен» түрікменнің табиғи газын 2017 жылдың 1қаңтарынан бастап Иранға жеткізу тоқтады дегенге саяды. Ал, келесі жарияланымдарда керісінше, «Иран Түрікменстанмен түрікмен газын жеткізу бойынша 5 жылдық келісімшартқа қол қойды» делінген. Осы орайда, Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі жоғарыдағыдай бір-біріне қарама-қайшы ақпараттардың негізсіз екенін мәлімдейді. Шын мәнінде, 1997 жылдың желтоқсан айынан бастап Түрікменстан газды сатып алу-сату келісімшартына сәйкес екіжақты келісімді қатаң сақтай отырып, Иранға газ жеткізуді жүзеге асырып келеді. Өкінішке қарай, Иранның ұлттық газ компаниясы 2013 жылдан бастап Иран Ислам Республикасына бұған дейін жеткізілген түрікмен табиғи газы үшін қарызын өтеуге күш салмай отыр.

Иран тарапының айтарлықтай қарызға батуы салдарынан оларға ұзақмерзімді келісімшартқа сәйкес газ жеткізіп беруге бағытталған Түрікменстанның газ жеткізу инфрақұрылымы штаттық режимі жұмысын қаржылық қолдауда қиындықтар тудырды. 2016 жылы Иран тарапына көгілдір отын жеткізу саласына қатысты қалыптасып отырған келеңсіз жағдай туралы сонымен қатар, түрікмен газын жетізуді тежеу мүмкіндігі жайлы бірнеше мәрте ресми түрде ақпарат берілген.

Бұл ретте, төлемнің кешеуілдеуі көптеген проблемаларды туғызуы мүмкін екені айтылып, түрікмен тарапы туындаған мәселені жедел шешуге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді. Алайда, Иранның Ұлттық газ компаниясының Түрікменстанның сындарлы бастамасына енжарлығы мен мәселені бірге шешуге селқостығы 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап түрікмен газының Иранға жеткізілуін тежеуге мәжбүр етті.

Түрікменстанның сыртқы істер министрлігі, бұл мәселені саясиландырудың кез-келген әрекеті мен бұл типтес ақпараттарды түрікмен тарапы жоққа шығаратынын атап өтеді.

"The Qazaq Times"