Алдағы дүйсенбіде Қытай Президенті Ши Жинпиң (Си Цзиньпин) Бейжің қаласында "Бір белдеу - бір жол" форумында әлемнің 30-ға жуық көшбасшысын қабылдайды. Бұл мемлекеттің басқа елдер алдындағы өз мәртебесін көтерудегі кезекті қадамы болмақ.
Самитті өткізу Шиге үлкен азық болайын деп тұр. Себебі форум өткеннен кейін жаһандық, әсіресе азиялық және сауда экономикалық модельдер реттелеледі деп күтілуде.
Сонымен Қытай самит өткеннен кейін Пәкістанның экономикалық дәлізі үшін 50 млрд доллар қаржы бөліп, Жибутиде кемежайлар, Орталық Азияда мұнай бағыттарын салмақшы. Мұның барлығы дәстүрлі державалармен күресуге қолданылуы ғажап емес.
"Сиңхуа" агенттігінің ресми мәліметінше, 2013 жылы Қытай "Бір белдеу - бір жол" жобасына қосылған елдерге 50 млрд доллар инвестиция салған.
Credit Suisse Group агенттігі болса өткен айда алдағы бес жыл ішінде Қытай 62 мемлекетке 500 млрд доллар қаржы салатынын мәлімдеді. Бұл 2013 жылғы қаражатпен салыстырғанда 10 есеге көп.
Ал China National Petroleum Corp. және China Mobile Ltd. сынды ірі компаниялар үшін бұл нағыз "байлықтың көзі" болғалы тұр.
Қытай неге мұнша қаржы бөлмек? Шын мәнінде Қытайдың бұл форумы ел экономикасын реттеп алуға жасап жатқан қамы болуы мүмкін. Себебі Қытай экономикасының бәсеңдеуі шетелдегі инвестиция ресурстарын азайтып жатыр. Өткен жылы мемлекеттің халықаралық резервтері 6%-ға төмендеген. Сондай-ақ, Қытайға юаньды әлсіретіп алмай, әлемдік нарықтағы өз позициясын сақтап қалу керек. Әрі осындай саясат арқылы әлем елері алдындағы өз беделін одан ары нығайта түсуді көздеп отыр деуге болатындай.