Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі барлық тұрғындарға электронды денсаулық төлқұжатын енгізбек. Бұл жобаның сынақ мерзімі Астана қаласындағы 9-емханада басталды.
Электронды денсаулық төлқұжатын енгізу 2015 жылы денсаулық сақтау платформасын біріктіру мақсатында басталған үлкен жобаның бір бөлігі болып табылады.
Кез-келген тұрғынның серверде өзінің жеке ұяшығы болады. Сол арқылы денсаулығына байланысты барлық мәліметтер сақталмақ. Ал платформаға кіру азаматтардың ЖСН нөмірімен жүзеге асырылады.
Жоспар бойынша, 1 шілдеге дейін электронды төлқұжаттың дайындық жұмыстары аяқталып, ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан мәліметтерді порталға тіркеу басталмақ.