«Солтүстік Кореяның ядролық қаруы жөніндегі мәселе диалогты да, санкцияны да талап етеді» деді Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Мун Чжэ Ин Қытай басшысы Ши Жинпиңмен (Си Цзиньпин) телефон арқылы тілдесуінде.
Ренхап ақпарат агенттігінің хабарлауынша бұл телефон арқылы сөйлесуде Ши Жинпиң, АҚШ-тың Оңтүстік Корея аумағына ТНААD зымыранға қарсы қорғаныс құрылғысын қойғанына алаңдаушылық білдіретінін айтқан.
Ал Мун Чжэ Ин өз кезегінде «мен Қытайдың ТНААD құрылғысына байланысты алаңдаушылығын жақсы түсінемін. Біз қысқа уақыт ішінде Оңтүстік Корея мен Қытай арасындағы түсініспеушілікті шешуге тырысамыз. Осы мақсатта жақын аралықта біз, Бейжіңге екі бірдей делигация жіберуде жоспарлап отырмыз» деген.
Сөз соңында Қытай басшысы Ши Жинпиң Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Мун Чжэ Инді Бейжіңге шақырған.
Естеріңізге салайың Мун Чжэ Ин мамырдың 10 күні Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында 41,08 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен болатын.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті