Қытай АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға ТНААD зымырандарға қарсы қорғаныс құрылғысын орналастыруына қарсы бұл жайында Қытайдың Сыртқы Істер министрі Гэн Шуан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатында Гэн Шуан «Біз АҚШ-тың Оңтүстік Корея аумағында ТНААD ЗҚҚ орналастыруына қарсымыз. Егер бұл осылай жалғасы беретін болса Қытай өз көзқарасын қорғау үшін белгілі бір қадамдарға барады» деген.
Бұдан бұрын АҚШ-тың Сеулдеге әскери өкілі Роб Мэннинг Оңтүстік Корея аумағында ТНААD зымыранға қарсы қорғаныс құрылғысы орналасып болғанын және оның Солтүстік Кореяның зымырандарын атып түсіруге дайын екендігін айтқан болатын.
Ал Бейжің мен Мәскеу АҚШ-тың ТНААD құрылғысы Оңтүстік Кореяға Пхеньян зымырандарын атып түсіру үшін емес, Ресей мен Қытайдың баллистикалық құрылғыларын атып түсіруге керектігін айтып алаңдаушылықтарын білдірген еді.
ТНААD құрамында 9 жылжымалы зымыранға қарсы құрылғы бар. Олардың әр қайсысы бір уақытта 8 зымыранды атып түсіруге қауқарлы және олар ТРҮ-2 зымыранға қарсы радармен жабдықталған.
“The Qazaq Times”