Миссисипи университетінің кампусына кіретін медициналық орталықтың аумағында жеті мыңға жуық адамның қабірі табылды. Жалпы қабірлер орналасқан аудан 8 гектар аймақты алып жатыр.
XIX – XX ғасырларда бұл жерде психиатриялық аурухана орналасқан. Қайтыс болған емделушілерді осы жерге жерлеп отыратын болған.

Биліктегілердің есептеуінше қабірлерді ашып, қайта жерлеуге 21 миллион доллар кетеді екен, әр қабірге – 3 мың доллардай қаражат жұмсалады. Медициналық орталықтың басшылығы бұның барынша тиімді жолдарын іздестіруде.
Миссисипи штатындағы алғашқы психиатриялық емханалар 1855-1935 жылдар аралығында жұмыс жасаған. Ал бұндай емханалар пайда болғанға дейін науқастарды түрмелерде, жертөлелер мен оқшауланған жерлерде шынжырмен матап, қамап ұстаған.

1855-1877 жылдар аралығында емханада 1376 науқас тіркелген, олардың кем дегенде әрбір бесіншісі емханада жан таптсырған. Ал АҚШ-тағы азаматтық соғыстан кейін науқастардың саны артып, 6 мыңға жеткен болатын.
Алғашқы қабірлер кампустың жанына жол салу барысында 2013 жылы табылған. 2014 жылы мәйіттердің саны мыңға жеткен.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі