Франциядағы президент сайлауының ресми қорытындысы жарияланды. Нәтижесінде, центрист Эммануэль Макрон Франция тарихында сайланған ең жас президент болды. ВВС агенттігі Макронның Президент болуы франциябилігіндегі "нағыз сілкініс" деп бағалады.
39 жастағы ең жас президенттің "жай ғана айы оңынан туды" дейді кейбір сарапшылар.
Айта кетейік, біраз күн бұрын Франциядағы президент сайлауының соңғы туры жақын қалғанда, президенттікке басты үміткер Эммануэль Макрон Франция прокуратурасының тергеуіне алынған. Себебі, Эммануэль Макрон мен Марин Ле Пен телеарнада тікелей эфир арқылы пікір-талас жасаған уақытта, оның соңы үлкен жанжалға ұласты. Нәтижесінде, Франция прокуратурасы Макронды «жала жабу», «қаралау» деген айыппен тергеуге алды. Бұған қарамастан оның Президент болғанын ескерсек, шынымен де жолы болған.
"Макронның жай ғана жолы болды, ол өзі күтпеген жағдайға тап болды", - деген пікір білдірді Париждің Terra Nova сараптама орталығының мүшесі Марк-Оливье Падис.
Алайда, алдағы уақытта енді ол Ресей және Еуропалық одақпен қарым-қатынасты реттеу қажет.
Макрон Президент болғанға дейін Владимир Путиннің құрметіне қол жеткізетіні туралы айтқан. Дегенмен Париждегі америкалық университеттің профессоры Зиад Маджид РИА Новостиге берген сұхбатында Макрон Президент сайлауында жеңген күннің өзінде Франция мен Ресейдің қарым-қатынасы бұрынғысынша қиын болып қала беретінін айтқан.
"Ресейге қатысты жағдайды айтар болсақ, Макрон Франсуа Олланд қалыптастырған саясатты ұстанады. Яғни Олланд кезіндегі қиын әрі ынтымақсыз қатынас сақталады", - дейді ливан-француздық саясаттанушы.
Ал Макрон бұдан бұрын Париж бен Мәскеу тарихта одақтас елдер ретінде танылғанын, дегенмен Ресейдің "халықаралық құқықты бұзуға әрекет етуі негізсіз" екенін айтқан.
Бұдан бөлек, Эммануель Макрон Франциядағы сайлаудың екінші турында Еуропалық одаққа реформа өткізу қажеттігін айтқан. Реформа өтпеген жағдайда Франция ЕО-дан шығуы мүмкін екенін ескерткен.
Макрон сайлауалды науқан кезінде елдің ЕО-ға мүше болуы Франция азаматтары үшін маңызды екенін мәлімдеген. "Париж ең алдымен халықты тыңдап, олардың төзімінің таусылғанын көріп отыр, олар өте ашулы. Ал егер Еуропалық одақтың қазіргі жағдайын көре тұра әрекет етпесем бұл елге деген "сатқындық" болады. Осы себепті де "frexit" болып кетуі ғажап емес", - деген еді ол.
Ал Ресей және Еуропалық одақпен ынтымақтасық қарым-қатынасты ұстанып отырған Қазақстанға Макронның Президент болуы қалай әсер ететінін алда ғы күндер көрсетеді.