Жапония Азия елдерінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында 40 миллион доллар қаржы бөлмек. Бұл туралы Йокогама қаласында өтіп жатқан Азия даму банкінің 50-отырысында Жапонияның қаржы министрі Таро Асо мәлімдеді.
Минстрдің айтуынша: «Азия даму банкінің есептеріне сәйкес инфрақұрылым саласындағы сұраныс алдағы 15 жылда 26 триллион долларға өседі. Біз жоғары деңгейдегі инфрақұрылымды дамыту үшін Азия даму банкімен байланысты одан әрі дамытпақпыз» - деген болатын.
Инвестиция, алдымен, таза энергия, транспорт-коммуникация жүйелері мен жоғары техналогиялық объектілерді жасауға жұмсалады.