АҚШ-тың Солтүстік Кореяны оқшаулау жоспары алдағы аптада болатын Оңтүстік Кореядағы президент сайлауына келіп тірелгелі тұр. Ал Оңтүстік Кореядағы президент сайлауда көршілес әрі бауырлас елмен бірлікті нығайтуды қолдаушы кандидаттың жеңіске жетуі мүмкін деген болжам бар.
Президенттікке кандидат Мүн Жаен (Moon Jae-in) 10 жыл бұрын штаб бастығы салауатымен Солтүстік Кореяның қазіргі басшысы және оның әкесімен Пиоңяң (Пхеньян) қаласында кездескен болатын. Ол кезде Оңтүстік Корея терістік бауырларына жомарттық саясатын қолданып, гуманитарлық және экономикалық көмек беруге келіскен болатын. Бұл екі ел тарихында «Күн шұғыласы саясаты» (Sunshine Policy) деген атпен белгілі.
Сайлау науқынының қазіргі бейнесінен алып қарғанда, Мүн Жаеннің сайлауда жеңіске жетеді деп күтілуде. Сонымен бірге, егер ол президенттікке келер болса, онда бұрынғы өзі атқарған саясатты жалғастырады деген де болжамдар бар. Айталық, экономикада Солтүстік Кореямен тығыз байланыс орнатуы мүмкін. Оның кеңесшілерінің айтуынша бұл саясатты «Күн шұғыласы саясаты II» деп атауға болады екен. Бұл бұрынғы президент Пак Кын Хенің қатаң ұстанымынан басқаша әрі ірі өзгерістер алып келуі мүмкін делінуде. Сонымен бірге егер сайлауда Мүн Жаен жеңіске жетер болса, Оңтүстік Корея мен АҚШ арасы алыстай түсуі ықтимал.
Мүн Жаен әзірге дейін 40 пайыздан астам сайлаушылардың қолдауына ие болып келген. Алайда, соңғы бірнеше аптада оны қолдау көрсеткіштері төмендей бастағаны байқалады. Себебі, Пиоңяң тарабының көрсетіп отырған мінез-құлқы сайлаушылардың солтүстікпен татулық көзқарасына сызат салуда.
"The Qazaq Times"


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді