Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша 2017 жылдың 04 мамырында KASE индексінің мәні 0,30 нүктеге (0,02 %) 1 550,85 нүктеден 1 550,55  нүктеге дейін төмендеді. Бұл туралы kase.kz хабарлады.

Осы күні жасалған бірінші мәміле индексті 1 550,74 деңгейінде тіркеді. Сауда-саттық барысында индекстің максималды мәні 1 561,91, ал минималдысы – 1 549,55 құрады.

Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі 04 мамыр күні алдыңғы сауда-саттық күнмен салыстырғанда 40,3 % -ға төмендеп, 96,9 млн теңгені  (306,9 мың USD) құрады.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE Индексінің есептік базисінің динамикасы

 

KASE Индексінің өзгеруі:

 

Соңғы 30 күнде (бір айда)                  -0,2           -2,0

Ағымдағы жылдың басынан (01.01.16 бастап) +14,3          +10,7

Соңғы 365 күнде (жылда)                   +65,4          +65,4

2015 жылда                                +58,1          +58,1

2015 жылдың басынан бастап                +64,6          +27,6

KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеуге арналған өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының, олардың эмитенттерінің капиталға айналуын және еркін айналыстағы (free float) осы акциялар санын ескеріп, өзгеруін көрсететінін еске саламыз. Бір номиналды акцияның KASE Индексінің мәніне ықпалы 15 %-дан аспауы тиіс. KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаудағы акциялармен мәміле жасалуына қарай, сауда-саттық күні бойы есептеледі. Сауда-саттық күні бойы параметрлері KASE Индексінің мәнін есептеуге қажетті мәмілелер жасалмаса, осы есептеуді жүзеге асыру мақсатында, соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.