АҚШ президенті «Fox News» каналына берген сұхбатында Солтүстік Корея мәселесінде бірқатар тосын пікірлер айтты. Оның сөздерінің бір ұшы өзінен бұрынғы президент Обамаға да тиіп кетті. Әлем елдерінің ақпарат құралдарында Трамптың қитұрқы сөздері тез тарады.
Трамп сөзінде: «Мен Солтүстік Корея мәселесінде «қызыл сызықты» жағдай орнатуды ұнатпаймын. Бірақ, әскери әрекет қолдану керек болса, мен алдымен бұл қадамға барар едім», – деді. Ол тағы: «Мен бұл мәселеде Обама президенттің Сүрия мәселесіндегі ұстанымына ұқсап қалғым келмейді», – салды.
Трамп Обаманың Сүрия мәселесіндегі «қызыл сырық» жағдайын орнату ұстанымын сынға ала отырып: « Мен Обама президентке ұқсағым келмейді. Сен мұндай жағдай жасаймын деп жүргеніңде көптеген ыңғайсыз жағдайларға қалуың мүмкін. Оған қоса оның берген уәделерінің көбі орындалмады», – деген пікрін білдірді.
Трамп сұхбаты барысында Солтүстік Корей басшысында сөзбен іліп кетті. Ол өзінің Ким Жоң Унге (Ким Чен Ын) кездесуге дайын екенін білдірді. Алайда, Ақүй қызметкерлері мұның уақыты келмеді деп кесетті. Солтүстік Корея басшысының ресми сапармен еш елге бармайтыны белгілі. Алайда, екі ел басшылары кездесуге келіссе бұл кездесудің Қытайда өтуі мүмкін.
The Qazaq Times