Ағылшын ғалымдары Лондонда өткен зерттеу нәтижелеріне сәйкес артық салмақтың қатерлі ісіктің асқынуына әсер етіп, оның  пайда болу қатерін екі есе арттыратындығын айтып отыр.

200-ден астам сараптамалық жұмыс пен зерттеу нәтижелері ағзадағы артық майлар қатерлі ісіктің 11 түріне алып келетінін көрсетуде. Асқазан, өт жолдары, тоқ ішек пен тік ішек жолдары, бүйрек, кеуде, жыныс мүшелері мен тыныс алу жолдарында қатерлі ісіктің пайда болу қатері артады. Ал ең кең таралған аурулар қатарына - өт жолдарындағы бауыр мен  өт қабында пайда болатын қатерлі ісіктер жатады. Жүргізілген сараптамада адам салмағының индексі артқан сайын, қатерлі ісіктің пайда болу қатерінің өсетінін көрсетіп отыр.

Ерлерде дене салмағының индексі әрбір бес сатыға көтерілген сайын, қатерлі ісіктің де қаупі 9 пайызға артып отырады. Ал әйелдердің бөксесі мен бел жағында майдың артық көлемде жинақталуы салдарынан жыныс жолдарындағы қатерлі  ісіктің қаупі 21 пайызға артады.

«The Qazaq Times»