Иран Қазақстанға 950 тонна уран концентратын сатып алуға ұсыныс тастады деп хабарлайды France Press агенттігі Иранның атомдық энергия қызметінінің басшысы Али Акбар Салейхи мырзаға сілтеме жасай отырып. Шенеуніктің айтуынша, Иран мен әлемдік державалардың 2015 жылы бекіткен «ядролық келісімшарттының» негізінде арнайы халықаралық комиссияға ұсыныс жіберілген.
Иранның атомдық энергия қызметінің басшысы: «Уранның көрсетілген қоры алдағы үш жылда толықтай Иранға жеткізілуі қажет, екі жылда 650 тонна көлемдік бөлігін екі бөліп жеткізсе, қалған 300 тоннасы үшінші жылы келуі тиіс» - деп, мәлімдеме жасады.
Үшінші жылы әкелінетін уранның yellow cake концентраты 3,5 пайызға дейін байытылып, кейін Қазақстанға сатылымға жіберілетін болады. Тегеранға ядролық отынды өңдеу жұмыстарына ресейлік мамандар көмектеспек.
Иран уранның қорын «ядролық келісімшартқа» сәйкес өндірістік ядролық центрифугалық станцияларда қолданумен қатар, коммерциялық мақсатта да байытуға құқылы. Халықаралық қатаң бақылаумен әлем елдеріне сатуға мүмкіндіктері бар.
Әл-Салейхи 2016 жылдың қаңтарынан бастап Ресейден 382 тонна yellow cake концентратты уран қорын алғандығын жеткізді.
Иранның уран қорын алуы туралы келісімшарты басқа алты елдің комиссиясының қарауында. Бұл елдер Иранмен «ядролық келісімшартқа» отырған – АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия мемлекеттері. Иран барлығы IR-1 санатындағы бес мың центрифуганы іске қосуға құқылы. Қазір байытылған уранның үлкен қорын алу үшін көптеген жаңартылған модельдері қарастырылуда.
Айта кетсек, атом қаруын жасау үшін уранды 80 пайызға дейін байыту қажет екен.
“The Qazaq Times”