Жапониядағы аса үлкен емес Одзи қаласы Хонсю аралына қарасты, Китакацураги уездінде орналасқан. Оның аумағы 7 шаршы километрді алып жатыр және тұрғын саны – 23 мың. Жергілікті тұрғындар дәстүрді құрметтеп, дәріптеп жүреді екен. Әсіресе, VII ғасырда сол елді мекенде буддистерге ғибадатхана ашқан Сетоку ханзада мен оның жанынан екі елі қалмайтын Юкимару аталатын итін еске алып жүреді. Сол себепті де, жергілікті билік өкілдерінде итті Одзи қаласының тұмары жасау идеясы туындаған. Бұл туралы hi-news ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Тұмар – өзіндік сипаты бар бойтұмар екені белгілі. Ондай тұмарлар өте үлкен компанияларда бар. Мысалы: Роналд Макдоналдтың «McDonald’s» сайқымазағы, әлемге әйгілі жапониялық Sega аппараттарының Соник аталып кеткен кірпісі. Осыларды ескере келе, қала басшыларында «неге қаланың тұмарын ойлап таппасқа?» деген сұрақ туындап, ойларына әйгілі жапондық ханзаданың жанынан тастамайтын төбеті естеріне түсті. Сол иттің құрметіне, тіпті мехраб да жасалыныпты. Онда кез келген адам құрмет жасап, өзіне және отбасына сәттілік тілеуін өтініп кететін болған.
Жапонияның суретшілері әппақ күшіктің макетін жасап шығарды. Бір қарағанда, жапондық Акита-ину тұқымына ұқсас және ішкі жағына квадрокоптер аталатын радиобасқарғышы бар аппарат салынды. Енді қаланың ресми тұмарына айналған бұл итті жергілікті тұрғындар да, туристер де қаланың көрікті нышандарының бірі ретінде қабылдайды.
«The Qazaq Times»