Баян-Өлгий аймағында халық саны жыл санап көбейіп келеді. Аймағымыздағы демографиялық ахуалдарға қатысты деректерді Баян-Өлгий аймағының Статистика бөліміне сілтеме жасай отырып, KazNews ақпараттық агенттігі жариялады.
Баян-Өлгий аймағының халық саны 2015 жылы 2 мың 770 адамға өсіп, 95 мың 401 адамға жеткен болса, 2016 жылы 2 мың 831 адамға өсіп, 97 мың 816 адам болып отыр.
Статистикалық деректерге сүйексек, өткен жылы жаңадан пайда болған жұмыс орыны 1113 болғанымен, жұмыссыздық деңгейі 16,9 пайызда тұр. Аймақтағы инфлияция деңгейі 1,8 пайызды құрап отыр.
“The Qazaq Times”