Жапонияда «Рено-Ниссан-Мицубиси» автобірлестігінің басшысы Карлос Гон қамауға алынды.
Мәліметтерге сүйенсек, Карлос Гон біраз уақыт көлемінде салық мәлімдемесінде өз кірісін азайтып көрсетіп келген. Сонымен қатар, соңғы бес жылда 44 миллион долларды жасырып қалғаны белгілі болды. Жапон прокуратурасы оған қаржылық алаяқтыққа барды деген айып тағып отыр.
Айта кетер болсақ, көлік жасау саласындағы ең әйгілі менеджерлердің бірі, бразилиялық Карлос Гон 1996 жылы ірі дағдарыстан құлдырай бастаған «Рено» компаниясының табысын еселеген. Кейіннен «Ниссан» автобірлестігінің бақылаушы акциялар пакетін сатып алған. Енді ірі көлемде қаржы жымқырған кәсіпкер басшылық қызметінен босатылуы мүмкін.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті