Ant Financial – Alibaba құрамындағы электронды, коммерциялық алыптарының бірі, Америкалық  MoneyGram-ды $880 миллион АҚШ долларына сатып алды. Бұл туралы bbc.com хабарлайды.

MoneyGram құрамында 200 елге таралған, 350 000 сауда дүкені бар. Ал, Ant Financial-дың 630 миллионнан астам тұтынушылар бар. Қытай қазіргі уақытта АҚШ-тың Шетелдік инвестиция жөніндегі комитетінің нормативтік бекітуін ғана күтуде.

Эрик Жинг (Eric Jing) –  Ant Financial компаниясының лауазымды тұлғасы, екі компанияның бірігуі жайлы мәлімдемесінде былай дейді: «Барлығы да барынша қолжетімді, қауіпсіз және қарапайым болуы керек. Себебі, АҚШ, Қытай, Үндістан, Мексика мен Филиппин сияқты үлкен елдер үшін қолайлы болуы керек».

Ant Financial компаниясының Қытайда онлайн төлемдер арқылы жүзеге асатын нарық үлесі бар. MoneyGram-ды иемденуі компанияның өз рөлін арттыруға,  шет елдерде кеңейтуге үлкен септігін тигізбек. АҚШ-тағы Алибабаның Ant Financial дүкендері үлкен экономикалық компаниялармен  байланыс орнатқан.

Оқырмандардың назарына Alibaba деген компания туралы қысқа ақпарат ұсынамыз:

Alibaba Group  – 1999 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан (alibaba.com) Қытайдағы үлкен қоғамдық корпарация. Дүниежүзі бойынша танымал компанияның құрамына Alibaba Pictures, интернет-дүкен AliExpress.com, Taobao.com аукционы, Alibaba Cloud Computing және Alipay аталатын  электронды төлемдер жасайтын онлайн платформалары бар. Қазіргі уақытта тек соңғы Alipay ғана бөлек бизнеске айналдырылған.

Соның ішінде, оқырманға кеңінен танылған Алиэкспреес деа аталатын сайт. Бұл сайт бүгінгі таңда әлемнің түкпір-түкпіріне Қытай тауарларын жіберіп отырады. Ол үшін сайтқа кіріп, керек дүниелеріңізді (киім-кешек, үй заттары, т.б. Олардың мөлшерін, санын, жеткізіп салу күнін, ақшай айналымын өзіңіз таңдайсыз) таңдап алсаңыз болғаны. Отандық «Киви-кошелек» арқылы төлем жасағаннан кейін,  «сатып алу»   пунктін басасыз. Тауар 20-30 күн аралығында өзіңіз көрсеткен мекен-жайдың «Поштасына» келіп түседі.

Доналд Трамп билікке келмес бұрын, БАҚ өкілдеріне Америкадағы «Бір Қытай» саясатын жалғастыру керек пе деген күмәнді ойын айтқан. Президент енді Қытай импортына айыппұл ретінде тарифтер енгізетінін хабарлаған.

Бірақ  Alibaba компаниясының негізін қалушысы және басшысы Jack Ma өткен жылдың желтоқсан айында Трамппен кездесіп, келіссөздер жүргізген. Президент Нью Йорктегі Алибаба компаниясымен сауданы  дамытып жатқан Ма мырзамен «жақсы кездесу» болғандығын айтқан.  Өткен жылдық қыркүйек айында, Алибаба компаниясының Нью-йорктегі сауда жүйелері рекордтық табысқа жекен: 25 миллиард АҚШ доллары.

Егер MoneyGram акцияларын сәтті сатып алып жатса, бұл – Алибабаның АҚШ-тан алған екінші үлкен акциясы болмақ. Себебі, өткен жылы  EyeVerify компаниясының акцияларын 70 миллион АҚШ долларына сатып алған.

"The Qazaq Times"