Солтүстік Корея  артиллериялық оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді деп хабарлайды Ренхап ақпарат агенттігі.

Бүгін КХДР әскерінің құрылғанына 85 жыл толуына орай, Вонсан портында Солтүстік Корея әскері артиллериялық дайындықтарын пысықтаған. Жергілікті журналистердің мәлімдеуінше, жаттығуға Ким Чен Ынның өзі де қатысқан.

Ал,  АҚШ әскерилері осы аптада Оңтүстік  Кореямен әскери оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отырғандықтарын хабарлаған еді.  Осылайша, екі ел арасындағы сөз жүзіндегі теке-тірес біртіңдеп іске көшіп жатыр.

"The Qazaq Times"