Әлемде Covid-19 вирусына шалдыққандар саны 20 миллион адамға жетті. Қазірге дейін індеттен көз жұмғандар саны 700 мыңнан асты. АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей және Оңтүстік Африка елдері індеттен ең көп зардап шеккен елдер қатарында.
Жаһандық індеттің жай-күйін бақылап отырған Жон Копкинс университеті кейбір ел үкіметтерінің індеттен көз жұмғандар санын төмендетіп көрсетіп жатқанын анықтады. Айталық, Бразилияда індеттен көз жұмғандардың нақты саны үкімет жағынан жасырылған.
Әлем елдерінде індеттің таралуына қарсы шектеу шаралары дүниежүзілік экономиканы тұралатуда. Дүниежүзілік Валюта қоры қазіргі экономикалық жағдайды 1930 жылдардағы "Ұлы депрессиядан" кейінгі ең ірі дағдарыс деп атады.
ДДҰ жетекшісі Тедрос Гебрейесус Женевадан жолдаған соңғы мәліметінде, әлем жұртшылығына сақтық шараларын күшейтуді тағы бір мәрте ескертті. ДДҰ тарабы бұл індетке қарсы өнімді вакцинаның әлі жасала қоймағанын, алайда, өнімді препараттың түбі жасалып шығатынын алға тартуда.
Дегенмен, ДДҰ вакцинаның жетерлік деңгейде шығуы, әділ бөлісіліп, зардап шеккен халыққа толық жетуінен алаңдайды. Бұл шынында аса маңызды мәселе. Әдетте, ДДҰ бағдарламасында дәрілер мен вакцинаны қаржыландыруға 10 пайыз қаражат бөледі. Ал, қазір ауқатты мемлекеттер өз вакциналарын сынақтан өткізіп, оны жетерлік деңгейде қамдап алуға тырысуда. ДДҰ тарабы бұл "Вакцина ұлтшылдығына" апарып соғуы мүмкін деп болжайды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау