Осы аптадағы халықаралық ең елеулі оқиғаның бірі АҚШ президенті мен Қытай басшысының алғашқы ресми кездесуі болып отыр. АҚШ Флорида штатының «Мар-а-Лаго» элиталық саяжайда болатын кездесу өңірлік қауіпсіздік пен екі ел арасындағы қордаланған кілтеңді тақырыптарға нүкте қояды деп күтілген. Кездесу АҚШ жергілікті уақытымен 6 сәуір күні кешке қойылған. Қазір екі ел басшысы ресми кездесулерін бастап та кетті.
Трамптың кездесу алдындағы келіссөзден күтетін үміттері мен сенімдері әлемдік танымал басылымдарда жарияланып үлгерді. Осыған дейін белгілі болғанындай – кездесу отырысында ең негізгі екі тақырып – Солтүстік Кореяның ядролық сынақты кеңейтуі және АҚШ-Қытай арасындағы сауда экономикалық қатынастар болып отыр. Трамп кездесуден бұрын Қытай тарабының Солтүстік Кореяның құрлық аралық баллистикалық зымыран сынақтарын тоқтатуға күш салатынынан үміткер екенін ашық айтты. Сонымен бірге екі ел арасындағы сауда-қарым қатынасы туралы келісім де оңайға соқпайтынын да мойындады. Шырмауы қиын осы екі түйін екі ел басшысын аз болмаған келіспеушіліктерге итермелейтінін о бастан белгілі болып отыр.
Сарапшылардың айтысына қарағанда, егер президент Трамп Қытай басшысы Ши Жинпиңмен кез-келген елеулі тақырыпта келісімге қол жеткізуге әрекет жасайтын болса, онда оның бұл әрекеті жоғары дәрежелі кездесуді ұйымдастырып отырған қызметкерлерді ырықсыз күйде қалдырады. Персоналдардың айтуынша, көз алдағы мәселе барлық елеулі мәселерді бірге бірден шешім жасау емес, керісінше осы мәселелердің болашақта шешім тауып, екі ел арсында тиімді келісімдердің орындалуына негіз қалау болып саналады. Себебі, кездесуге дейін белгілі болған екі тараптың ортаға салар тақырыптарының бәрі де, әлемдік және өңірлік тұрақтылықтар үшін аса маңызды.
Сарапшылардың сөзіне сенер болсақ, Трамп үкіметі бұл жолы бірден түйінді мәселелерге келісім жасауға дайын емес. Себебі, сауда экономикалық қарым-қатынастағы маңызды болған салаларда Трамқа әлі де сенімді өкілдер жетіспейді. Трампның сауда командаластарының ішіндегі ең маңызды тұлға Роберт Лайтхизер (Robert Lighthizer) Трамптың өзі арнайы тағайындаған АҚШ Сауда өкілі болып саналады. АҚШ Сенаты Қаржы комитетінің мәліметі бойынша, Сауда өкілі Ақ үй мен Конгрес және басқа да жоғары өкіметтік органдар арасында қарым-қатынасты жалғайтын маңызды тұлға болғандықтан Лайтхизерді тағайындауды кейінге қалдыру керек деп отыр. Оған қоса Трамп үкіметіне әліде бірнеше маңызды орындарда әлі де сенімді адамдар тағайындалып үлгірмеген.
Қазір АҚШ-үшін жасырын саудамен ұқсас болып тұрған тақырып – Қытайдың экспорттық басымдылыққа ие болуы үшін валюта бағамында айла-шарғы істетуі. Бұл істі Трамп президент сайлау науқанының алдында да талай көтерген. Тіпті «Қытайдың бұл бақай құлығын ашып тастаймын» деген еді. Трамп үкіметінің Қазына басқару комитеті осы күндерде аталмыш іс туралы арнайы қарар дайындап жатыр.
Трамп-Ши Жинпиң арасындағы кездесу екі елдің сауда қатынасындағы осыған ұқсас көптеген мәселені міндетіне алып отыр. Кездесу қортындысы әлі де белгілі болмаса да, дәл осы уақыт екі тараптың біз сөз еткен мәселелерді айтысып жатқаны анық.
“The Qazaq Times”