Дүниежүзілік сауда ұйымының басшысы Роберто Азеведо коронавирус пандемиясынан кейін әлемді ірі экономикалық дағдарыс күтіп тұр деген болжам жасады.
Оның пікірінше, дерт толығымен жойылған уақытта 2008 жылдағыдан да ауыр қаржылық дағдарыс орын алуы мүмкін және бұған жаһанның бірде бір елі төтеп бере алмайды.
Азеведо сөзінде: «Пандемия әлем елдерінің әкономикасына ауыр соққы болады. Жұмыссыздық белең алып, сауда-сатық тұралап қалады. Болжам бойынша, тіпті осыдан 12 жыл бұрын болған қаржы дағдарысынан да ауыр болмақ. Қаншалықты дамыған ел болса да дағдарыстың әсерін сезеді. Тығырықтан шығудың бір жолы, сауда жасап, қажетті тауар мен қызметті жеткізу болып отыр. Сондықтан медициналық дағдарыс аяқталғаннан кейін әлем елдерінің бір-біріне алыс-берісінің нәтижесінде ғана көптеген мемлекет экономика тұрғысынан ес жинайтын болады», – деді.
Мамандар бұл қиындықты мемлекеттер өзара сауда ынтымақтастықты нығайтып, инвестициялық айналым арқылы ғана жеңе алады дейді.
Айта кетейік, әлемде 470 мыңнан астам адам қатерлі вирусқа шалдыққан. Сондай-ақ 21 мыңнан астам науқас көз жұмса, 114 мыңдай адам дертінен айықты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы