Әлемнің талқылауындағы басты тақырып ретінде тұрған – Корей түбегі мәселесі өткен апта мен осы аптада бір қатар тың өзгерістерге ұшырады. АҚШ мемлекеттік хатшысының Шығыс Азиядағы үш елге бірдей жасалған сапары, Корей түбегі мәселесіне үлкен ықпалдар етті. Алайда, өткен аптаның соңында Солтүстік Корея қуатты жаңа зымыран қозғалтқыштары сынағында табысқа жеткендігін жариялады. Ал бұған қарсы Трамп үкіметі нақты позиция білдірмей отырғанын танымал “ The Wall Street Journal” хабарлаған болатын. Басылымның айтысына қарағанда Трамп үкіметі Солтүстік Кореяның бұл хабары, әдейі дүрліктіру әрекеті болуы мүмкін, ақпараттың рас-жалғанын тексереміз деген.
Егер олар айтқандай қуатты жаңа зымыран қозғалтқышының сынағы шынымен де сәтті болған болса, Солтүстік Корея Америка Құрама Штаттарына ұшып жететін, ядролық қару тасымалдағыш зымыранға қол жеткізді деген сөз. Бұл АҚШ үшін аса үрейлі хабар. Себебі, жұртқа мәлім болғанындай Солтүстік Кореяның ең басты арандату нысаны АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония. Трамп үкіметінің КХДР-ға неғұрлым агрессивті көзқарасты ұстанатыны белгілі болды. Ал, АҚШ мемлекеттік хатшысы Шығыс Азияға жасаған сапары барысында Солтүстік Кореямен дипломатиялық келісім жасасу консультацияларын қабылдамады. Бұл ұсыныс оған Бейжіңде ҚХР басшысымен кездесуде қойылған болатын. Есесіне Тиллерсон әскери әрекеттердің мүмкіндіктерін көтеруді қуаттады.
Солтүстік Кореядағы «Орталық ақпарат» агенттігінің хабарында, өткен аптаның Сенбі күнінде ҚХДР тарабы қуатты зымыран сынағын жасады делінсе де, Ақ үй, Пентагон және АҚШ Мемлекеттік департаменті ешқандай лебіз білдірмей отыр. Ал «Орталық ақпарат» агенттігі Ким Чен Ынның: «Бүгін әлем біздегі үлкен жаңалыққа еріксіз куәгер болады, біздің әлемді өзгерте алатынымызға сенетін болады», – деген сөзін де қоса таратқан болатын.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсон мен ҚХР төрағасы Ши Жинпин (Си Цзиньпин) өткен жексенбі күні жарты сағаттан аса кеңесте болды. Солтүстік Корея мәселесі АҚШ-ҚХР қатынасындағы маңызды түйін болғанымен, кездесу барысында АҚШ жақ Солтүстік Корей мәселесін ауызға алмады. Осының өзі екі ел арасындағы дипломатияның қылдан нәзік болып бара жатқанын көрсетсе керек. Дегенмен, Тиллерсон мен Ши Жинпиннің кездесуі – сәуір айындағы Трамп пен Ши Жинпиннің ресми кездесуінің дайындығы. Сол үшін де аса маңызды түйіндерді екі елдің ең жоғары басшылары кездесу барысында тілге тиек етпек. Сонымен, Тиллерсон Сеулде тұрып: «Бейжің сапарында Қытайды Солтүстік Кореяға бірлесе қарсы тұруға шақырамын», – деген сөзінде тұрмады деуге болады. Джордж Буш билігі тұсында Солтүстік Кореяға қаратқан саясатты қадағалаушы Виктор Ча: «Трамптың командасы Солтүстік Корея өткен сенбі күні не істеді деп қарап жүргенде, ҚХДР-ның ықпал күші кеңейіп бара жатыр. Біз оған жол бермеуіміз керек», – деген көзқарасын білдірді. Ол және: «АҚШ үкіметі сыртқы әлемге Солтүстік Кореяның әр бір әрекеті АҚШ-а дүрбелең туғызатынын ойлатпауға тырысады. Ал бұл нағыз Солтүстік Корея күткен нәтиже». Алайда ол да Солтүстік Корея жаңа зымыран қозғалтқышына қол жеткізгенін растаудың маңыздылығын Виктор Ча да мойында отыр.
АҚШ үкіметінің ресми өкілдері мен басқа да сарапшылардың айтысына қарағанда, Трамп үкіметінің тап болып отырған ең маңызды қауіпсіздік мәселесі болса – Солтүстік Кореядан келетін қатер. АҚШ-тың жаңа әкімшілік күн тәртібінде Солтүстік Корей мәселесі АҚШ-Қытай арасына үлкен алауыздық әкелуі мүмкін деп қаралып, соған сай жаңа Азия-Тынық мұхит саясатын ұстанғалы отыр. Ал Тиллерсонның сапарының басты мақсаты Корей түбегі мәселесін шешуден көрі, Жапонияға барынша ықпал ету үшін екені белгілі болды. Ал Бейжің және Сеул тарабымен Солтүстік Корея баллистикалық зымырандары мен ядролық қаруларын дамыту ісін ауыздықтау келісім шартына қол жеткізу Қытайға келгенде сәтсіз болды. Алайда, АҚШ өз қадамының нәтижесіз болмайтынын айтып отыр.
Қытай үкіметінің ресми өкілі де, Солтүстік Корея мәселесіне жауап беруден бас тартты. Қытай мен АҚШ қарым қатынасы және түбек жағдайын оңау ісі тағы бір саты кейінге қалдырылды. Ал Солтүстік Корея шынында қуатты зымырандарға қол жеткізген болса, онда АҚШ бұл жолғы келіссөз орайын қолдан беріп алған болып саналады.
“The Qazaq Times”