Сүрияның Манбидж аймағында PKK-ның осындағы жалғасы YPG-ге әскери дайындық жүргізілген базаға кіріген «New York Times» газетінің тілшісі Майкл Гордон АҚШ-тың әсерлерін жазды деп хабарлады түрік баспасөзі.
Гордон YPG қалыптастырған 50 мыңға жетуі жоспарланған Демократиялық Сирия күштерінің Түркиямен арадағы қатынастарды бұзғанын білдірді. Тілші 50 мың адамдық күштің 27 мыңын YPG террористтері қалыптастырғанын жазды.
Хабарға қарағанда 20 күндік негізгі дайындықты аяқтаған кісілерге 100 доллар айлық беріледі. Олар қаза тапқан немесе жараланған жағдайда, осы айлық отбасыларына беріледі. Ирак пен Сириядағы Америка жасақтарын басқарып отырған генерал Стефан Тоусенд Ракканы ДАИШ-тен кері алу үшін ұйымдастырылатын операцияға қатысу мақсатымен дайындалғандар үшін «ауыр қарулары керек. Қолындағылар жеңіл» деді.
АҚШ лауазым иелері танкқа қарсы қарулар, минометтер, ауыр автоматтар мен сауытты көліктер шарт екенін білдірді. Алайда газеттің жазғанына қарағанда YPG-ліктерге ауыр қару беру Түркияның наразылығын туғызуы мүмкін. Генерал Тоусендтің айтқанына қарағанда террористтер өздерінің Түркияға қауіп қалыптастырмайтынын жөнінде АҚШ-қа кепілдік берген!
АҚШ генералы «Мен бұған сенемін» деді. CENTCOM қолбасшысы генерал Вотел болса «Түркияның уайымдарын азайту үшін Ракка операциясы барысында YPG-ге қажетті қаруларды беріп, соғыстан кейін осы қаруларды жеткізуді шектеуге болады. ашық боламыз. Оқ-дәріні өлшейміз» деді. Осы арада Сирияның Хасеке қаласы маңында АҚШ-тың террор ұйымы YPG-ге жіберген сауытты көліктерінің көріністері жарияланды. Reuters ақпарат агенттігінің суреттерінде АҚШ тарапынан террор ұйымының басты бөлігіне берілген сауытты көліктері көрініп тұр.
«The Qazaq Times»