Қолға түскен жолаушы Алматы арқылы Бакуге ұшпақ болған. Кеден бекетінің қызметкерлері оның қолсөмкесін тексерген кезде, ішінен 7,5 млн теңге табылған екен. Бұл туралы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ұсталған адам қап қаражатты декларацияламаған, сондықтан ол заң бұзған болып есептеледі. Департамент таратқан мәлімет бойынша, жыл басынан бері Алматыда мұндай 17 дерек тіркелген екен. Жолаушылар ЕАЭО шекарасын 247 800 доллармен, 17 500 евромен, 34 400 қытай юанімен, 276 000 теңгемен аспақ болыпты.
Біздегі заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары 10 мың АҚШ долларынан аспайтын соманы тіркемей, шет мемлекеттерге шыға алады. Егер ақша сомасы 10 мың доллардан асатын болса, оны кедендік декларациядан өткізу шарт.
“The Qazaq Times”

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні