Сүрия күрдтері Түркия ұшағын атып құлатты – деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Күрд халықтық өзін-өзі қорғау әскери жасағы Сүрияның Африн аумағына қарасты Шехурзе ауылы маңында Түркия әскери ұшағын атып құлатқан. Әзірге аталмыш оқиғаға байланысты ресми Анкара ешқандай мәлімдеме жасамаған.

Естеріңізге салайық, қаңтар айының 20-сі күні Түркия армиясы Сүрияның Африн аумағында «Зәйтүн сабағы» атты әскери операциясын бастаған. Ресми Анкараның бұндай қадамдарға баруына АҚШ-тың «Сүрияда шекара күзетін қамтамасыз ету үшін арнайы жасақ құрамыз» деген мәлімдемесі себеп болған.

“The Qazaq Times”