Иракта болған үкімет армиясы мен күрдтердің қақтығысы, яғни өңірдегі «Ислам мемлекетіне» қарсы күрестегі екі сенімді одақтасының арасындағы қайшылық АҚШ үкіметін алаңдатып отыр. Бұл туралы «WSJ» басылымының сайтында жазылды.
Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади дүйсенбі күні таңертең федералды әскери күштер Киркук провинциясына кіруге бұйрық берген. Күрдтердің «Пешмерга» қарулы күштері сунниттерден үш жыл ішінде басып алған аймағында, енді Ирак үкімет армиясы мен күрд қарулы күштері теке-тіресте қалды.
Қақтығыс басталғанға дейін, жартылай автономиялы биліктегі күрд аймағы Бағдат билігінің қарсылығына қарамастан тәуелсіздік алу туралы референдум жариялаған еді. Бұл референдум туралы Ирак үкіметі АҚШ пен бірлесе отырып, елдері «Ислам мемлекеті» күштеріне қарсы күреске кедергі келтіретіні туралы айтқан болатын.
АҚШ тарабы қазірге дейін «ИМ» күштеріне қарсы күрес үшін Ирак үкіметі мен күрд жасақтарына бірдей қолдау беріп келген. Алайда, қазіргі жағдайдан алып қарағанда бұл шешімнің кемшіліктері анық көрініп жатыр. Айталық, екі қарулы күш арасында нақты бітім болмаған жағдайда екі жаққа бірдей қолдау көрсету Ирактың ішкі соғысын тіпті де өршіте түспек.