Халықаралық ғалымдар тобы ХХ ғасырда тұқымы құрып кеткен Тұран жолбарыстарын қайта қалпына келтіруге болады дейді. Бұл туралы   Naked Science хабарлайды. Зерттеуді Bilogical Consеrvation журналында жариялаған.

Тұран жолбарысы Кавказда, солтүстік Иранда және орта Азияда мекендеген. Оның тұқымы жойылу салдарынан жайылым оттығы азайған. Көп жерлер шөпқоректі жануарлардан тұяқкесті болып кеткен. Жергілікті халық жыртқыштарды зор көлемді аулаудың керіәсері туралы ойламаған. Ресми дерек бойынша 1970 жылы тұқымы мүлде құрыған. Ғалымдардың айтуынша, Тұран жолбарысы қазір жойылу қаупіндегі амурлық жолбарыстарға (Panthera tigris altaica) ұқсайды.

Теориялық тұрғыдан қарағанда, бұл «екеуінің» популяциясын біріктіру арқылы қайта қалыпқа келтіруге болады. Оны іске асыру туралы мәселе қарастырылып жатыр. Мақұлданған жағдайда, тұран жолбарысын реинтродукциялау Қазақстан территорияясында жүзеге аспақ.

Зерттеу жұмыстарын Нью Йорк қаласының университеті мен WWF (Дүниежүзілік Табиғат Қоры) ұйымы жүргізеді. Олар Тұран жолбарысының тарихын зерттеп, реинтродукцияның моделін жасады. Анализ жауаптары бойынша, жолбарыстың бұл түріның қимыл аумағы өте кең болған. Шамамен 800-900 шаршы киллометр аумаққа таралады. 100 шаршы киллометріне екі-үш жолбарыстан келеді.

Тұран жолбарысы өзен-көлдерге жақын немесе қамысты тоғандарда тіршілік еткен. Зерттеу авторларының ойынша,  реинтродукция үшін Балқаш көлі маңы барлық зерттеу талаптарына сай. Сондай-ақ, жыртқыштар санын көбейту үшін Іле өзені де ыңғайлы. Көрсетілген аймақтардың территориясы 7 мың шаршы киллометрді қамтиды.

Егер бұл жоспар жүзеге асып жатса, аталған аумақта алдағы 50 жыл ішінде 69-98 Тұран жолбарысы пайда болуы мүмкін. Жобаның жүзеге асуы үшін бірнеше міндеттемелер пункті бар. Біріншіден, жағалау аймақтарындағы деградациялауды тоқтату керек. Екіншіден, жолбарыстарға азық жеткізу керек. Олар сүтқоректілермен қоректенеді. Үшіншіден, жергілікті қоғамдық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетілген пункттерді мұқият орындап, Балқаш пен Іле маңында тұрақты сулы режимді сақтап тұратын болса, популяцияны көбейте алады.

"The Qazaq Times"