Бүгін таңертең Солтүстік Корея тағы бір мәрте зымыран сынағын өткізіп, ұшырған зымыраны Жапонияның кеңістігінен өткен. Оңтүстік Корея мен жапон үкіметі осылай хабарлады. Бұл КХДР-ның осы айдың бас шеніндегі ядролық сынағынан кейін өткізіп отырған тағы бір арандату әрекеті деп қаралды. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы жазып отыр.
Жапониямен Хабар-байланыс департаменттер мәлімдеуінше, зымыран сол елдің жергілікті уақытымен таңғы сағат 7 шамасында ұшырылған. 10 минуттан кейін елдің Хоккайдо аралынан ұшып өтіп, Тынық мұхитына құлаған. Зымыраннан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Бұл Солтүстік Кореяның бір айға жетпейтін уақыт ішінде екінші зымыранды Жапония кеңістігінен ұшыруы. Алдынғы зымыран сынағы 29 тамыз күні болған. 3 қыркүйек күні Солтүстік Корея өзінің алтыншы реткі ядролық жерасты сынағын өткізді.
Жапония үкіметінің өкілдері мәлімдеме жасап "Солтүстік Кореяның жалғасты зымыран сынағын жасауына төзе алмайтынын, бұл жолы ең қатаң айыптау жасайтынын" айтты.
Оңтүстік Корея үкіметі де мәлімдеме таратып, бұл зымыранды ұшыру алаңы Солтүстік Кореяның орталық қаласына жақын маңда орналастырылғанын, алдынғы реткі зымыран сынағы да сол орында жасалғанын хабарлады. Олар Ұлттық қауіпсіздік конференциясын ашты және КХДР ұшыру алаңын оқшаулау үшін теңіздегі зымырандарды іске қосу жаттығуын өткізді.
Оңтүстік Корея жақтың берген мәліметіне сүйенер болсақ, кезекті ұшырған зымыран 3700 шақырымға дейін ұшқан. Максималды биіктігі – 770 км. Зымыран Хоккайдоның оңтүстік бөлігінен шығысқа қарай 2 000 шақырым жердегі Тынық мұхитына түскен.
Дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ядролық сынақтардан кейін, КХДР-ның алтыншы ядролық сынақтарына жауап ретінде, сол елге қарсы жаңа санкциялар қабылдады. Солтүстік Корея сондай-ақ, сутегі бомбасы континентаралық баллистикалық зымыран мүмкіндіктерімен жабдықталған деп мәлімдеді.