Испанияның Премьер-министрі Мариана Рахой осы жылдың 1 қазанына белгіленген Каталонияның тәуелсіздігіне арналған референдумды тоқтатуға уәде берді. Ол каталондықтардың жеке мемлекет болу туралы тілегін "орталық билікке бағынбаушылық" деп тапты. 

Каталония басшылары: "Орталық биліктің өтінішімен Жоғарғы Сот референдум өткізуге тыйым салып, оны тоқтатуға әрекет етсе де, тәуелсіздік жолындағы қозғалысымызды жалғастыра береміз", - деп отыр.

Мариана Рахой Испанияның оңтүстік-шығысында орналасқан бай өңірдегі плебисцит (референдум) жүзеге аспас үшін, қолынан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Премьер-министр Каталонияның 947 мэріне референдумды өткізуге тосқауыл болу туралы тапсырмалар берілгенін хабарлады. Испанияның Бас Прокуроры Хосе Мануэл Мазаның айтуынша, аталған тапсырманы орындаудан бас тартқандар жазалануы мүмкін.

Испанияның Жоғарғы Соты референдум өткізудің ел Конституцисына қайшы келетінін алға тартып, оған тыйым салатын шешім шығарған.

Испания билігінің алаңдаушылығы Каталония Президенті Карлс Пуджемонттың қазірдің өзінде 560 муниципалитет референдумды қолдайтынын айтып, 16 мың ерікті сайлауға көмектесуге тіркелгені туралы хабарламасынан кейін арта түсті.

Кеше Каталонияның жергілікті Парламенті Испания Корольдігінен бөлініп, жеке республика атануға арналған  жобасын дайындады. Егер халықтық референдум жеңіске жетсе, заң жобасы күшіне еніп, жаңа мемлекет құрылады.

Ұлыбританияның Астон университетіндегі Испаниядағы тәуелсіздік жолындағы қозғалыстар мәселесі бойынша сарапшы Кэролайн Грэй Каталонияның тәуелсіздігін әлемдік қауымдастықтың мойындауы қиын болатынын айтып, алдағы референдумға қатысты алаңдаушылық білдірді.

“The Qazaq Times”