Оңтүстік Корея президенті Мүн Жа-Иннің (Moon Jae-in) таққа отырғанына 100 күн толды. Оңтүстік Кореяның орталық телеарнасы SBS-ның хабарлауына қарағанда, Мүн Жа-Ин президент ғимаратында журналистерді қабылдаған. Корей түбегінің алдағы тағдырына алаңдаған журналистердің көңілін Оңтүстік Корея президенті: «Корей түбегіндегі жағдай ешқашан соғысқа ұласпайды», – деген кесімді жауабымен орнықтырған.
Президент Мүн Жа-Ин сөзінде: «Оңтүстік Кореяның бір ниет, бір тілекте күш жұмылдыру ұстанымы, Корей түбегі дағдарысының соғысқа ұласпауының негізгі кепілі. Біз соғыс тудырмауға тырысамыз. Егер тағы бір мәрте соғыс туатын болса барлығы күлге айналады. Корей түбегінің әскери іс-қимылына тек Оңтүстік Корея шешім қабылдай алады. Егер Оңтүстік Корея келіспесе, басқа ешбір тарап Корей түбегінде соғыс бастамайды», – деді.
Аймақтағы елдер ғана емес, әлем елдері де Корей түбегінде тууы мүмкін ядролық соғысқа алаңдап келген. Дегенмен, қазіргі әр тараптың қадамдары бұл қауіптің ауылын біршама алыстатты. Оңтүстік Корея президентінің бұл сөзі түбектегі халықтардың көңіліне медеу болса керек. Ол халықтың алаңсыз, тыныш тіршілік етуіне болатынын айтты. Әрі өздерінің корейлердің тағдырына қауіп тудыратын бұл қадамға бармайтынын атап өтті.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау